Атырау облысында шомылуға қауіпті 70 учаске айқындалды

30 Мамыр, 20:51 542

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы бойынша ТЖД-нің өкілі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Мониторинг нәтижесімен Атырау облысы аумағында 70 қауіпті су учаскесі анықталып, оларда шомылуға тиым салынды. Осындай жерлерде 238 тиым салу белгісі мен 9 ақпараттық стенд орнатылған.        

Қазіргі кезде ТЖД мен полиция қызметкерлері азаматтардың судағы қауіпсіздік талаптарын бұзуына жол бермеу және әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тарту жұмыстарын жалғастыруда. Балаларын қарамай қалған ата-аналарға жыл басынан бері 3 айыппұл салынды. ТЖД қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің арқасында ғана бұл балалар аман қалды,- деді Атырау облысы бойынша ТЖД-нің азаматтық қорғаныс  басқармасының бастығы Бақыт Абланов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 12 адам, соның ішінде 2 бала суға батып кетті.

Зарина Арман
Бөлісу: