Атырау облысында мұнай ұңғымасынан өрт шықты

7 Наурыз, 09:18 573

6 наурыз күні Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты «Батыс Прорва» кен алаңының N437 ұңғымасында газ ауаға тарап, өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалынның биіктігі шамамен 20 метрге жеткен.

Оқиға орнында компания жедел штабы жұмыс істеп жатыр. Ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде.

Зардап шеккендер жоқ.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: