Атырау облысында компанияға 923 млн теңге айыппұл салынды

13 Қазан 2023, 09:48 672

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Жылыой Болашақ» ЖШС-і рұқсат құжаттарынсыз мұнай шламдарын жинақтау бойынша қызметті жүзеге асырғанын анықтады. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі. 

Мәселен, 2022 жылдан бастап қауіпті қалдықтарға жатқызылған 477 тонна мұнай шламы жинақталған.

Осы факті бойынша «Жылыой Болашақ» ЖШС-не сот 923 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Өз кезегінде прокуратура «әрбір табиғат пайдаланушының қоршаған ортаны қорғаудың және оған рұқсат етілген антропогендік әсер ету нормативтерін қатаң сақтаудың маңыздылығын, өйткені бұл адамның денсаулығы мен өміріне тікелей әсер ететінін» белгілейді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: