Атырау облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

2 Ақпан 2023, 10:16 1210

Бұл туралы ҚазАвтоЖол мәлім етті

Атырау облысында ауа-райының нашарлауына байланысты автокөліктің барлық түрі үшін кейбір жол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының Мақат ауылынан Атырау қаласына дейін және «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» күре жолының Доссор ауылынан Құлсары қаласына дейін жол учаскелері жабық тұр.

EL.KZ
Бөлісу: