Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қайтыс болды

18 Қазан 2023, 14:20 753

17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын мәлім еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды. 

Көлік ішінен 1971 ж.т., 1981 ж.т., екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған. 

Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: