Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Атырау қаласының №2 сотымен облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы С.Джабасовқа қатысты үкім жарияланды.
Ол кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталғаны және өндірісте екі қызметкердің қайтыс болуы фактісі бойынша оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуға байланысты лауазымды адамдарға пара беруге итермелегені үшін сотталды, - делінген мәліметте.
Сот үкімімен оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.