Атырау облысында ауылдағы су тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды

29 Мамыр, 02:31 589

Атырау қаласының Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Бұл туралы «Атырау облысы су арнасы» КМК ақпарат таратты.

Амангелді ауылындағы су тазарту қондырғысының жұмысы қалқымалы сорғыға бару және жөндеу жүргізудің мүмкін еместігіне байланысты уақытша тоқтап тұрғанын хабарлаймыз. Соның салдарынан Дамбы, Қызылбалық, Жаңаталап және Құрманғазы ауылдарына салқын су Атырау қаласынан жеткізіледі. Осыған байланысты үйдегі су қысымы төмендеуі мүмкін, - деп жазылған кәсіпорынның ақпаратында.

Су тазарту қондырғысын қайта іске қосу жұмыстарын маусым айында жүргізу жоспарланған.

Зарина Арман
Бөлісу: