Атырау облысында алты адам өрттен құтқарылды

17 Шілде 2023, 11:10 741

Атырау облысында өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 16 шілде күні сағат 17:28-де Атырау қаласындағы Вокзал ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын өз күшімен эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: