Атырау облысында 8 адам ата-аналық құқығынан айырылуы мүмкін

20 Мамыр 2023, 16:21 869

Атырауда бала тәрбиесіне байланысты міндеттерін орындамаған 8 адам ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақпараттың жазуынша, облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау мәселесі қаралған. Онда Атырау қаласында жасөспірімдер мәселесі талқыланды.

Былтыр комиссия отырысында ювеналды полиция бөлімі мен білім беру мекемелерінің ұсыныстары бойынша 116 іс қаралды. Ал, комиссияның биылғы 8 отырысында 47 жасөспірімге қатысты іске талдау жасалды. Оның ішінде кәмелетке толмаған 3 оқушы ұзақ уақыт бойы сабаққа бармағаны анықталды. Комиссия оқудан жалтарған жасөспірімдерді арнаулы мектепке орналастыруға байланысты тиісті қаулысы шығарды. Балаларының тәрбиесі мен білім алуына байланысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін 8 адамды ата-ана құқығынан айыру туралы қаулы шығып, сотқа жіберілді. Төрт жасөспірімге тәртібін түзеу үшін сынақ мерзімі берілді. Үш ата-ана облыстық наркологиялық диспансерге 30 күн ем қабылдауға жатқызылды, -деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.

Оның айтуынша, жайсыз отбасында тәрбиеленіп, полиция есебіне алынған балалар қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға бейім болғаны анықталған. Былтыр жайсыз отбасы есебіне алынғандар саны – 94. Биыл бұл есепте 75 отбасы тұр.

Кәмелетке толмағандар мәселесі және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері полиция қыметкерлерімен бірге айына екі рет жайсыз отбасылардың тұрғылықты мекенжжайына тексеру жүргізеді. Ең бастысы, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын бұзбау мәселесіне назар аударылып отыр, -деп мәлім етті Нұржан Ермұханов.

Асқар Таудай
Бөлісу: