Атырау облысында 29 жастағы жүкті әйел ауруханада қайтыс болды

15 Желтоқсан 2023, 11:45 1093

Атырау облысында келіншек жүктіліктің 36 аптасында көз жұмды,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы әйел 5 желтоқсанда «жедел фарингит» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні жансақтау бөлімінде жан тапсырған. Артында бір жастағы баласы қалып отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Махамбет ауданында 6 желтоқсанда 29 жастағы жүкті әйелдің өлімі тіркелді. Қазір оның қайтыс болу себептері анықталып жатыр.

Толыққанды ақпарат сараптама жасалып болған соң белгілі болады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: