Атырау облысында 1,3 млн астам балық шабағы құтқарылды

30 Тамыз, 21:38 524

Атырау облысында 1,3 миллионнан астам балық шабағы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 27-28 тамыз күндері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Индер ауданындағы бөлініп қалған сулардан 1 млн 280 мың дана балық шабақтарын құтқарды.

«Маломокрый» арнасынан 37 мың дана балық шабақтары құтқарылып Жайық өзеніне тірі күйінде жіберілді.

Зарина Арман
Бөлісу: