Атырау облысы биыл 11,5 млрд текше метр газ өндіріп үлгерді

9 Шілде 2023, 05:29 717

Биылғы қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда табиғи газ өндіру көлемі 24,5 млрд текше метрді құрады,  Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ілеспе мұнай газын (метан, пропан, бутан және т.б.) өндіру 14,5 млрд текше метрге жетті. Ал газ тәріздес табиғи газ – 10 млрд текше метр, плюс жылына 1,2%. Ілеспе мұнай газын коммерциялық өндіру 7,5 млрд текше метрді құрады. Табиғи газ – 4,1 млрд текше метр.

Өңірлік тұрғыда биылғы алғашқы 5 айда өндірістің ең үлкен көлемі мұнайлы Атырау облысына (11,5 млрд текше метр газ, плюс жылына 2,2%) және Батыс Қазақстан облысына (9,3 млрд текше метр газ) тиесілі.

Жалпы, 2022 жылы газ өндіру көлемі 52,7 млрд текше метрді құрады.

Берік Арманов
Бөлісу: