Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Айдулат Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып Айдулат Кенжебеков тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Айдулат Жанатұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бастап, 2019 жылға дейін жұмыс істеген.
Осы басқармадағы жоспарлау-шарт бөлімінде бас маманның міндетін атқарушыдан басшының орынбасарына дейінгі жолдан өткен.
2019 жылдан осы тағайындауға дейін Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.