Атырау облыстық ҚХА мүшелері Ресейдің Қалмық республикасы мен Астрахан облысында болып қайтты

12 Желтоқсан 2018, 09:23 2336

Атырау облысы ҚХА мүшелері мен «Елсана» клубының директоры Нұржан Ермұханов, клуб мүшелері Қалмақ республикасының орталығы Элиста қаласы мен Астрахан облысының Алтынжар елді мекеніне экспедициялық сапармен барып қайтты.  

Экспедиция мүшелері 1941-1945 жылғы Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде Сталинградтағы қан майдан шайқаста фашистердің 36 танкісін жарып, өз өмірін құрбан еткен, Кеңес Одағының Батыры, ұлтымыздың қаһарманы Қарсыбай Спатаевтың Элиста қаласында қойылған ескерткішіне тағзым етті. Сонымен қатар Қалмақ еліндегі Қарттар үйінде болып қайтты.

Одан кейін Қалмақ елінің Ұлттық мұражайында Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының өкілдері Атырау өлкесінің сақталып келген бұйымдарымен таныстырып, «Елсана» клубының мүшелері музыкалық сәлемдеме жолдады

Ал келесі күні экспедиция мүшелері Астрахань облысының Алтынжар елді мекеніндегі Құрманғазы Сағырбайұлының кесенесіне тағзым етіп, мұражайын тамашалап көрді.

Бөлісу: