Атырау облыстық ҚХА мүшелері Мәжіліс депутатымен кездесуде экологиялық мәселелерді көтерді

15 Қаңтар 2020, 16:36 2537

Атырау қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Хаменова Бақытгүл Қайржанқызымен кездесу өтті.


Оған облыстық Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері мен Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты.

Мәжіліс депутаты кеңес мүшелерімен, бірлестік өкілдерімен бірлесе отырып, өңірдің экологиялық, әлеуметтік жағдайы туралы өзекті мәселелерді қозғап, парламентарийлердің жаңа заң жобаларымен таныстырды.


Аналар кеңесінің атынан сөз алған Светлана Хан, бірлестік басшыларының атынан сөйлеген Андрей Кораблев жергілікті экологиялық проблемаларға баса назар аудару қажеттігін айтып, депутатқа мемлекеттік деңгейде шешуге қатысты сұрақтарға өз ұсыныстарын білдірді. Аналар кеңесі туралы да бірқатар ойлар талқыға салынды.

Сонымен қатар Атырау облысы ҚХА-ның Хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шакирова ҚХА құрылымдары, этномәдени бірлестіктер мен Ғылыми-сараптамалық тобының жұмысы және биылғы ҚХА-ның 25 жылдығына орай өткізілетін жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Бөлісу: