Атырау облысы Жылыой ауданында із-түссіз жоғалып кеткен шопан өлі табылды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 мамырда 37 жастағы шопан қыстаудан шығып, із-түссіз жоғалып кеткен. Бір апта іздеу жұмыстарынан кейін ер адам Құлсарыдан 40 шақырымдай жердегі Адай қорымының маңында өлі табылған.
Қазіргі таңда, полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты тергеу амалдарын жүргізуде.