ATP 250 Almaty Open турнирінің жеребесі тартылды

13 Қазан, 07:28 488

Теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Аюсай шатқалындағы визит-орталықта ATP 250 Almaty Open турнирі негізгі кезеңінің ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ATP 250 логотипі бар асықтардың және қазақстандық Тимофей Скатов пен венгриялық Фабиан Марожонның көмегімен тартылған жеребені қорытындысы былай болды: жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафо бірінші айналымда ойнамайды, ол бұл турнирді бірден екінші айналымнан бастайды. Тимофей Скатов бірден чехиялық Томаш Махачпен сынға түседі, ал Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев іріктеудің жеңімпаздары ойнайды.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін Тимофей мен Фабиан теннис ойнады. Одан кейін жеребеге қатысушылар осы ауданның ең көрікті жерлерінің бірі – сарқырамаға барды.

Жеребе нәтижесі мынадай болды:

Зарина Арман
Бөлісу: