Атом бомбалауынан қалған сағат 31 мың долларға сатылды

26 Ақпан, 11:36 1305

Хиросимадағы бомбалау кезінен қалған сағат 31 мың долларға сатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Japantimes мәліметінше, Хиросимадағы атом бомбалауы кезінен қалған қол сағаты АҚШ-тағы аукционда 31 113 долларға сатылды.

Аздап балқыған сағаттың тілі таңғы 8:15-ті көрсетіп тұр. Бұл – 1945 жылғы 6 тамызда «Сәби» атом бомбасының жарылған уақыты.

Сурет: RR Auction

«Сағатты ядролық дәуірдің таңы және өркениеттің батқан кезі деп қарастыруға болады», – делінген аукцион хабарламасында.

Бостондағы бәссауда үйі сағатты сатып алушының есімін атамаған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: