19 Маусым 2014, 05:59
Жолжелкенді жараға таңу арқылы оның ем болуына сену.
Бұл негізінен қалалық аңыздарға жатады. Жолдың жиегінен жұлынып алынған жолжелкеннің жараға кейбір әсер беруі мүмкін. Дегенмен, лас жолжелкенді жараға таңу арқылы – вирус түсіріп алуыңыз да әбден мүмкін. Сол себепті, емделемін деп ауруыңызды ушықтырып алудан сақтаныңыз.
Қараңғы жерде оқу – көздің көруін әлсіретеді дегенге сену.
Көз көруінің жағдайын әлсіретпейді, дегенмен де біршама адамның кітап оқуына біршама ауырлық туғызады. Фонарьмен оқу кезінде адам көзі түрлі эффектерге бөленіп, көздің талу процесі жылдам орын алады. Соның әсерінен адам ұйықтағсы келіп көздің ауыруы да ғажап емес. Тек, көздің көруіне ешқандай әсер бермейді. Мұның бәрі уақытша ауырсынуға жатады.
Біз ми қабатының кішкене бөлігін ғана пайдаланамыз дегенге сену.
Ондай адамдар кездесуі мүмкін, дегенмен, соңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек адамдардың көпшілігі – миының 100 пайызын қолданады. Ең алғаш 19 ғасырда 10 пайыз жайында психолог Уильям Джеймс айтқан болатын. Бірақ, оның теорияларын қазіргі заман ғалымдары жоққа шығарып отыр.
Ылғалды және ауа райының салқындығы – ауруға әкелуі мүмкін дегенге сену.
Ауруды тудыратын салқын ауа райы емес, негізінен қыс бойы бір ғимарат ішіндегі адамдар арасында тарайтын вирус болып табылады. Десекте, ылғалды және ауа райының салқындығы – адам иммунитетін төмендетеді. Егер де бір жерден вирус жұқтырып алған болсаңыз, ондай жағдайда сыртқа шықпай, жылы кеңістікте емделген пайдалы.
Бақа – адам бойына сүйле шақырады дегенге сену.
Жоқ, бұл пікір де шындыққа жанаспайды. Бақа денесіндегі «сүйелдер» бойындағы темірлері болып саналады. Ал оның адам баласына келтірер ешқандай зияны жоқ (Егер де бақаның уы болмаса). Сүйелді – «папилломавирус» делінген ауру тудырады. Ал, бақадан оны жұқтыру – тіпті мүмкін емес.
Айкезбелерді оятуға болмайды дегенге сену.
Айкезбелерді оятуға болады. Тіпті, оларды ояту керек. Мұндай жағдайда олар түрлі қауіпті жерлерге бару салдарынан өздеріне зиян келтіруі мүмкін. Тек бұндай адамдарды ояту шошытып алмас үшін ақырындап ояту керек.
Шашты қырып тастағаннан соң оның өсуі жылдам және шаш түсі қара болып өседі дегенге сену.
Мұндай жағдайда өскен шаштың түсі шынында өзгереді. Бірақ, алдыңғы шаштың аздап қоңыр түсті болуы – күннің әсерінен екені белгілі. Ал оның жылдам өсуі – шындыққа жанаспайды.
Шаш пен тырнақ өлгеннен кейін өседі дегенге сену.
Бұл да ойдан шығарылған аңыз. Адам өлгеннен кейін оның тырнағы мен шашының өсуі – атоматты түрде тоқтап қалады. Ал аңыздың айтылу себебі – адам терісінің құрғап, жиырылып қалуынан тырнақтары мен шаштары өскен сыңай танытады.
Тіл – дәмді ажырататын бөліктерге бөлінген дегенге сену.
Бұл да өтірік. Тілдің қай бөлігі де әр түрлі дәмді сезе алады. Бұл ақпаратты ең алғаш ғалымдар тек ұсынған болатын. Ал оның шынайылығына көз жеткізбестен немістің бір басылымы шындық ретінде жариялап жіберген. Осыдан кейін қауесет тез тарап, осындай теорияның барына адамдар әлі сенеді.
Көздерді айналшықтатып ойнау – қыли көзділікке алып келеді дегенге сену.
Шындығында, көздерді мұрынға немесе бір-біріне қаратып ары бері ойнау – ешқандай да ауруды тудырмайды. Керісінше, жаттығудың бір түрі деп те қарастыруға болады.