Атбасарда жеңіл көлік өртеніп кетті

20 Қазан, 02:34 785

Ақмола облысы Атбасар қаласында жеңіл көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қызыл жалын аумағы - 2 шаршы метр. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жанып жатқан көліктегі өрт дер кезінде сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: