Атбасарда тасқыннан зақым келген үйлерді жөндеу жұмыстары жаз соңында аяқталады

10 Маусым, 04:35 462

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі су тасқынының зардаптарын жою процесін бақылауда ұстап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлікке қараты ауалдық орталығының мәліметіншеАқмола облысында 1 281 нысанға техникалық зерттеу жүргізілгенЗерттеу нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарланған:

- 333 тұрғын үй құрылысы;

- 219 тұрғын үй сатып алу;

- 729 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арналған 333 үйді салу жоспарланған болса, 273-інің құрылысы басталып кетті. 219 үйдің 123-і сатып алындыСондай-ақ, 729 үйдің барлығында жөндеу жұмыстары басталды.

Атбасар қаласында 165 зардап шеккен азаматқа үш көпқабатты тұрғын үйдің ауқымды құрылысы басталдыСондай-ақ 76 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 30-ы сатып алындыЖөндеу жұмыстарының болжамды аяқталу мерзімі – жаздың соңы. Жаңа үйлердің құрылысы қазан айында аяқталады,-делінген министрлік мәліметінде

 

Перизат Саденова
Бөлісу: