Атбасарда көлік төрт адамды қағып кетті

Кеше, 21:48 352

Атбасарда көлік төрт адамды қағып, олардың барлығы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 12 сәуір, сенбі күні, Mercedes маркалы көліктің қатысуымен болған.

Жол апаты салдарынан төрт жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді, – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Ал Nayza Kokshe басылымының хабарлауынша, апат 1-ықшамауданда болған, зардап шеккендер арасында екі кәмелетке толмаған бала бар.

Асқар Таудай
Бөлісу: