Атбасарда 4 млн теңгеге алтын ұрлаған әйел құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атбасар ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы хабарлады.
Оның арызы бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен («Ұрлық») сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Тәртіп сақшылары қаскөйдің 26 алтын бұйым және 200 доллар ұрлағанын анықтады.
Полиция барлық жергілікті ломбардтар мен ақша айырбастау пункттерін тексерді.
Нәтижесінде 35 жастағы әйел ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.