Атау беру жұмысын ұйымдастыру, негізгі бағыттары

1 Наурыз 2014, 09:57

Астана болашаққа қадам баса отырып, әлемге тек өзіндік сәулеттік болмысымен ғана емес, ономастикалық атаулардың ғасырларға тамырын терең жайған тарихи мәнді мазмұнымен де ерекшеленетін болады.

    1. 1.                Атау берудің мақсаты мен міндеттері

    Тұжырымдаманың мақсаты – Отан тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын қоғамдық санада қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізінде Астана қаласындағы ономастикалық нысандарға атау беруді сындарлы, ғылыми-практикалық өресі биік жүйеге салу, оның басты қағидаттарын айқындау болып табылады.

    Негізгі міндеттері:

    -           тәуелсіздік мұраттарын ұлықтау;

    -           отарлық, тоталитарлық жүйенің белгілерінен арылу;

    -           мемлекет тарихындағы Астананың айрықша мәртебесін ашу;

    -           қазақ халқының тарихи-мәдени болмысын бейнелеу;

    -           ілгерілеу мен дамудың басты шарты тарихи сабақтастықты сақтау;

    -           қазақ халқының болмысын анықтаған рухани бастауларды айшықтау;

    -           Қазақстан халқының бірлігі мен тұтастығын нығайту;

    -           әлемдік ономастикалық үдерістерге етене кірігу.

  1. 1.                Атау беру жұмысын ұйымдастыру, негізгі бағыттары, іске асыру тетігі

Ономастикалық жұмыстарға Астана қаласының әкімдігі мен мәслихаты басшылық жасайды. Ағымдағы іс-шараларды Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы жүзеге асырады. Ономастикалық жұмыстарды сараптау үшін арнайы ономастикалық комиссия құрылады. Бұл комиссия атаулар беруге байланысты келіп түскен ұсыныстарды сараптай отырып, алқалық негізде әкімдікке және мәслихатқа береді. Атау беруді қаржыландыру, материалдық-техникалық қажетін өтеу белгіленген тәртіп аясында шешіледі.

Тұжырымдаманы жүзеге асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:

-   Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті мен Үкіметінің ономастика құрылысына қатысты саясатын және шешімдерін насихаттау, жүзеге асыру;

-    халықтың ономастикалық бастамалары мен ұсыныстарын зерделеу және оларға қолдау көрсету;

-   ономастика саласындағы әлемдік озық тәжірибені игеру;

-   бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ономастикалық саясатты насихаттау және қоғамдық пікір қалыптастыру;

-   ономастика құрылысындағы астаналық тәжірибені насихаттау.

Мемлекеттік өкілетті мекемелердің түрлі әлеуметтік қауымдастықтармен, жеке тұлғалармен заңды негізде бірлесе жұмыс істеуі Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі шарты әрі тетігі болып табылады.

 

  1. 2.                Күтілетін нәтижелер

         Астана қаласының ономастикалық нысандарын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабында тиянақталған қазақ халқының рухани даму тарихындағы кезеңдерді басшылыққа алу еліміздің сан ғасырлар бойғы тарихымен, бірегей мәдениетімен танысуға мүмкіншілік туғызады.

         Астана болашаққа қадам баса отырып, әлемге тек өзіндік сәулеттік болмысымен ғана емес, ономастикалық атаулардың ғасырларға тамырын терең жайған тарихи мәнді мазмұнымен де ерекшеленетін болады.

         Елордамыздың жаңа әкімшілік орталығы ғимараттарында, ескерткіштерінде, көшелері мен алаңдарында өткен тарихымызды, бүгінгі болмысымызды, жарқын болашағымызды танытатын атаулар тұрса, оны ашық аспан астында көзбен көріп, оймен шолған шетелдіктер, қала қонақтары, барша қазақстандықтар Отанымызды тұғыры берік, туы биік, тәуелсіздігі баянды ел ретінде қабылдайтыны сөзсіз.

 

«Астананың тілдік келбеті: бастамалар мен басымдықтар», 2012 ж.

Бөлісу: