Оның 25-і магистратура, 8 стипендиат тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың жетекші университеті Шырмауық лигасына кіреді. Сонымен қатар оған Гарвард, Йель, Принстон, Браун, Дартмут, Корнелл және Пенсильвания университеттері енеді.
Колумбия университетінің қабырғасында болашақтықтар «Жасыл технологиялар», «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Электроника және телекоммуникациялық жүйелер», «Педагогика» және т. б. мамандықтар бойынша білімін шыңдауда.
«Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Мирас Зәкиев Колумбия университетінде «Электроника және телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша оқып жатыр.
Мен оқитын Колумбия университетінің Инженерлік мектебінің ұраны: «Адамзат үшін инженерия». Яғни, барлық зерттеу мен әзірлеме адамдардың игілігі үшін жасалады. Қазақстанда мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде жұмыс істеймін. Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысымды жалғастыруды жоспарлап отырмын. Шет елде алған білімімді пайдаланып, еліміздің цифрлық дамуына өз үлесімді қосқым келеді, - дейді Мирас.
Жалпы алғанда, отандық мамандардың «Болашақ» бағдарламасы аясында әлемнің 27 еліндегі 236 үздік жоғары оқу орындарының бірінде оқуға мүмкіндігі бар.