Атақты әншінің жылдық асына барып көңілі босаған Мақпал Жүнісова ерекше жазба жариялады

21 Қазан, 10:47 21690

Былтыр қараша айында өмірден өткен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Ақжол Мейірбековтің жылдық асы берілді. Асқа қатысқан Мақпал Жүнісова желіде жазба жариялап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында ас кезіндегі видеоны жариялап, марқұм әншіге жазба арнады.

Марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл өте шығыпты. Ағамыздың отбасы бүгін құран бағыштап, ас бермекші. Алла қабыл етсін, топырағы торқа болсын, қырқын бергенде бола алмап едім. Ақжол ағаның орны үңірейіп тұр. Ол кісі маған құда болып келеді. Үш жылдың ішінде талай рет дастархандас болып, жақынырақ араласып қалып едік. Сол кездер есімізде мәңгілікке сақталып қалатын болды. Ешкім де мәңгі өмір сүрмейді, бәріміз қонақпыз.

Ақ жол ағамыз ауырып жүрсе де, сол ауырғанын көрсетпей, халыққа соңына дейін қызмет жасап кетті. Оның адами қасиеті де халықты баурап алатын, өте көпшіл, иманжүзді, аузынан Алласы түспейтін, қолынан тәспісі түспейтін үлгілі жан еді, - деді Қазақстанның халық әртісі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Жүнісова Ақжол Мейірбековтің асынан видео салып, әріптесінің отбасына қолдау білдірді.

Марқұм Ақжол ағамыздың топырағы торқа болсын. Бағышталған құран, беріліп жатқан ас қабыл болсын. Артында қалған ұрпақтары, жары Шарипа апайға Алла ұзақ ғұмыр берсін. Шарипа апай, Луиза айналайын енді тек жақсылық болсын. Жылдық асын беріп, басын көтердіңіздер. Ақжол ағамыз аруағымен желе-жебесін, ұрпағы өсе берсін, - деп жазды әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: