Атамқұлов отандық кәсіпкерлерді Өзбекстанның мақта-мата өндірісіндегі тәжірибесіне назар аударуға шақырды

7 Тамыз, 11:51 2101

Астанада өткен Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің алтыншы отырысында Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов екі ел арасындағы сауда байланысы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Транспорт саласы экономикамыздың кравинозды артериясы қызметін атқарады. Бүгінде біздің серіктестігіміздің тиімді өзара сенімді байланысына айналды. 2023 жылы теміржол бағытындағы жүк тасымалы 31,4 млн тоннаға жетті. 2024 жылдың 5 айында 8 млн тоннаға жетті. 2023 жылғы импорт пен экспорт авто тасымалы 1,8 млн тоннаны құрады. Бұл сандар 5 пайыздан 8 пайызға үнемі өсіп отыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Нәтижесінде сауда мен тауар тасымалының көлемі артып жатыр. 2023 жылы Өзбекстаннан тасымалданған транзиттік тасымалдар 2 млн тоннаға дейін жеткен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Бұл тұрғыда трансшекаралық инфрақұрылымды біркелкі дамыту да маңызды, - дейді Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов.

Ол бүгінде Өзбекстан мен Қазақстан шекарасындағы өткізу пунктері қайта құрылып, жаңарып жатқанын атап өтті. Алдағы уақытта бұл жұмыстар аяқталып, трансшекаралық пунктер толыққанды жұмысқа кірісетініне сенім білдірді.

Оңтайлы инфрақұрылым, кеден жұмыстары мен құжаттарды тіркеудің жылдамдығы кәсіпкерлік пен серіктестіктің тиімді жүргізілуіне жол ашады. Сонымен қатар бұл шекарадағы өткізу пунктерінен кешігіп өткізудің жолын кеседі. Шекара арқылы тасымал бұл өте жоғары стандарттарға негізделіп іске асырылуы тиіс. Бизнес саласы тауарлардың кешігуі мен уақыттың жоғалуынан көптеген қаржы жоғалтады. Сондықтан бұл мәселелердің болуына жол бермеуіміз керек, - деп түсіндірді Атамқұлов.

Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде Қазақстанның бизнес саласының өкілдері Өзбекстанның мақта-мата өндірісіндегі тәжірибесіне назар аударуы керек екенін жеткізді.

Мен бірқатар өңірді аралап, 800-ге жуық тігін орны жұмыс істейтінін көрдім. Онда 1500-ге жуық кәсіпкер жұмыс істейді. Сондықтан Қазақстан бұл тәжірибиеге назар салса деймін. Бұл үлкен өндіріс алаңы. Жазық алаңнан экспортқа дейін барады. Бүгінде 3 млрд тоннаға дейін өсім бар, - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің алтыншы отырысына Қазақстан мен Өзбекстанның елшілері, белгілі кәсіпкерлер және сыртқы сауда палатасының мамандары қатысып жатыр.

Миражан Махан
Бөлісу: