Аталар мен әжелерден құралған ансамбль алғашқы үлкен концертін берді

16 Сәуір 2019, 00:00 3362

«Есіл толқындары» ансамблі Достық үйінің сахнасында «Наурыз – думан» концерттік бағдарламасын ұсынды. Өткен жылдардың белгілі композиторлары: Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди, Ескендір Хасанғалиевтің және басқа да авторлардың музыкалық классикаға енген және осы күнге дейін танымал әндері шырқалды.

Көрермендер жақында ғана құрылған шығармашылық ұжымды өте жылы қабылдады. Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Есіл толқындары» ансамблінің құрылғанына үш ай ғана. Оның ішінде орыс романсын ерекше шеберлікпен орындаған әншіге шын жүректен құрмет-қошемет білдірген болса, аса белсенді көрермендер танымал вальс әуенімен шыр айнала биледі.

Сонымен қатар, шығармашылық ұжым Наурыз мейрамын мерекелеу шараларына белсенді қатысып, ел арасында танылып келеді. Ансамбль барлық талантымен өнер көрсетіп, ансамбльдің «Есіл–Нұра» әнұранын керемет орындап шықты.

Бөлісу: