Ата заңымыздың құрметіне арнап флэшмоб ұйымдастырылды

15 Ақпан 2015, 10:00

Ата заңымыздың құрметіне арнап флэшмоб ұйымдастырылды

Шымкенттік жастар Ата заңымыздың құрметіне арнап флэшмоб ұйымдастырды. Қала әкімдігі ұйытқы болған бастама қалалықтардың көңілінен шықты. Бұл қала тұрғындары үшін үлкен жаңалық болды.

Желбіреген көк байрақ. Мерекелік көңіл күй. Осының барлығы Шымкент қаласындағы Әл Фараби алаңының сәнін кіргізді. Жиналған көпшілік қауым қуанып, әсерін жасырмай жүр. Бәрінен бұрын Ата заңымыз қабылданған күннің мән-мағынасын, төркінін құрметтейді.

Айгүл Елібаева, шараға қатысушы:

-       Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек. Ортаға шығып би билеу деген жоспарымда мүлдем болған жоқ, қарасам бәрі билеп жатыр екен. Мен де қосылып билеп кеттім. Өте қызық болды. Ортаға шыққанда қатты қобалжыдым, әлі де толқып тұрмын. Мен бақытты ұрпақпын деп ойлаймын. Болашақта білікті де, білімді техника саласының қызметкері болып, елімнің болашағына өз үлесімді қосқым келеді.

Айман Құрметбайқызы, қала тұрғыны:

-       Күні кешегі тарихи оқиғаларқа жүгінсек, жаңа Конституцияны қабылдау қарсаңында ұзақ мерзімді қызу жұмыстар атқарылды. Президенттің бастамасымен құрылған сарапшылар көптеген әлем елдерінің Конституцияларын, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысында қабылданғандарын мұқият сараптаудан өткізді. Осындай Конституция күніміз бар біз бақытты ұрпақпыз! Бұл күнді армандап, азаттықты армандап жүрген елдер қаншама?! Қадірлейік, құрметтейік осы тәуелсіздігімізді. Ата заңымызды ардақтайық, ағайын! Дәл осылай тойлау біздің парызымыз, міндетіміз!»

Тәуелсіз Қазақстанның айтулы куні мерекелік концертке ұласты. Халқымыздың ұлттық билері де сахнаны жандандырды.


Бөлісу: