3 Қыркүйек 2014, 14:04
Өзінің «Ата тек» дастанында жырау қазақ халқын оғыз түріктерінен шығарады:
Түріктен тараған ел тоғыз дейді,
Тартатын күй аспабы қобыз дейді.
Башқұрт пен қазақ, ноғай, қарақалпақ –
Төртеуін шежірешілер Өгіз дейді.
Сондайақ, Қожаберген ақын сол «Ата тек» дастанында қазаққа жататын тайпаларды Алаштан шығарады:
Аннас тархан бабамыз –
Ер Алаштың бұтағы.
Біздің қазақ бабамыз –
Сол Аннастың ұрпағы.
Алаштан әрі Өгіз бар,
Өгізден әрі Тұран бар.
Кім десеңдер тегіміз,
Арғы атамыз – осылар.
Өгіз түрік ішінде
Аннастан қазақ жаралған.
Біздің Үш жүз елінің
Алаштан бәрі таралған.
Толыбай сыншы ұлының шежірешіжырау екендігін ХХ ғасыр басында өмір сүрген классик ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің «Құрбыма» деген өлеңінде былайша жырлайды:
Толыбай сыншы баласы Қожаберген
Тарихынан Оғыз түрік хабар берген.
Үмбетей, Бұқар жырау, Тәтіқара –
Үшеуі Қожекеңнен үлгі көрген.
Керейде Қожаберген, Сегіз өткен,
Үш жүздің шежіресін жыр қып шерткен.
(С. Торайғыров ақынның бұрын жарияланбаған өлеңдері // «Орталық Қазақстан» газеті. 7 тамыз 1988 ж.)
Қожаберген жыраудың шежіреші болғандығы туралы және оның «Елімай» әнін, «Елімай» күйін, «Елімай» жырын шығарғандығы жайында қазақ халқының ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген белгілі философақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (18581931) өзінің
«Даналарға» атты өлеңінде былай деп жырға қосады:
Өнерге құлаш ұрып бала жастан,
Тарихын бұл үш жүздің етіп дастан,
Баласы Толыбай сыншы Қожаберген
Бой ұрған ерлік іске әуел бастан.
Ұрпағы оның батыр Сегіз өтті,
Нияздай асыл ерді қасына ертті.
Қолына қобыз алып өр шабытпен
Мұра ғып шежіре-жыр тастап кетті.
Қолбасы, ақын-жырау һәм елші-би,
Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй.
«Елім-ай» әні менен жырын тағы
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй.
Қожабергенге ақындық аруақ оның жеті жасында қоныпты. Жырау ақындықта өзінің әкесімен бірге туған ақын Аулабайдан, өз ағалары Майлы шешен мен Қарабас тарханнан үлгіөнеге алыпты. Батырлыққа Қожабергенді ағалары Өтежан мен Өтегелі баулыпты.
Діни медреселерді өте жақсы тәмамдаса да, Қожаберген жырау мен оның ағалары дінбасысы бола алмайды. Себебі, Қазақ, Ноғай, Қарақалпақ, Шалабай естектері, Сібір татары халықтарына ХVІІ ғасырдың бірінші ширегінен бастап Ноғай даласын мекен еткен қалмақтар Еділ өзенінің батысынан шабуыл жасаса, шығыстан жоңғар басқыншылары үздіксіз шабуылдап, екі жақтан қыспаққа түскен мұсылмандардың әділетті, яғни азаттық жолындағы соғыстары ұзақ жылдарға созылуы салдарынан Толыбай сыншы қолбасшының балаларының имам, ишан, софы, молда болуларына еш мүмкiндiгі болмайды. Себебі, Толыбай сыншының ержүрек жиырма төрт ұлы (жиырмасы Ақбілектен, төртеуі әмеңгерлікпен қосылған жары – Халимаштан туған екен) жоғарыда аталған мұсылман жұрттарының сыртқы басқыншы жаулардың екі жақты шабуылдарына қарсы бағытталған ұлтазаттық әрі қорғану соғыстарына белсенді түрде қатысып, олардың көбісі әскер басқарыпты. Елжұртын шапқыншылардан қорғау жолындағы әділетті соғыста Толыбай сыншы тарханның ұлдары мен немерелері асқан ерліктің үлгісін көрсетіп, олардың бірталайы көппен бірге майданда қаза тапқандығы шежіреден, сол кездегі ерлік жырлардан елге мәлім.