Алматы облысында АИТВ инфекциясын жұқтырған бала ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
2014 жылы туған бала мен оның ата-анасы АИТВ инфекциясымен 2016 жылдан бері ЖИТС орталығында есепте тұрған. Ал бұл отбасындағы 2018 жылы туған қызда 2019 жылы АИТВ инфекциясы анықталған.
Бала Алматыдағы №2 қалалық балалар ауруханасына денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 9 қаңтарда түскен. Баланы ауруханаға қабылдау кезінде ата-анасы АИТВ инфекциясын жұқтырғанын жасырған. 27 қаңтарда бала сепсис пен пневмониядан, яғни АИТВ-мен байланысты аурулардан қайтыс болды.
Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы баланың ата-анасы өздерінде АИТВ инфекциясы барын жоққа шығарып, дәрі-дәрмек қабылдамағанын айтады. Алматы облысы әкімдігінің өкілдері анасы мен тағы бір баласы 2024 жылғы 26 қаңтардан бастап амбулаториялық негізде вирусқа қарсы ем қабылдауды бастаған, ал әкесі әлі бас тартып отыр.