Асырап алған балаларды құлдықта ұстаған әйел екі жылға ғана сотталуы мүмкін

21 Ақпан, 14:41 1481

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Ұлытау облысында асырап алған балаларды қамқорлығына ала тұрып, оларды бірнеше жыл құлдықта ұстаған әйелдің ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл оқиғаға қатысты екі бап бойынша іс қозғалатынын айтты.

Біріншісі – қамқоршылық құқығын асыра пайдалану, екіншісі – азаптау. Қылмыстық іс аясында барлық мәселе қарастырылады. Аталған баптарға сәйкес, екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, - деді Игорь Лепеха.

Еске салайық, осыған дейін Ұлытау облысында әйел асырап алған балаларды бес жыл бойы азаптап келгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: