Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерінің VII съезінің жабылу салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев барша делегация өкілдеріне өз алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz.
Ол елордада өткен діндер съезінің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызы зор болғандығын атап өтті.
«Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сыңдарлы сұхбат алаңына айналды. Дүниежүзіндегі беделді дін басшылар бір шаңырақтың астына жиналды. Делегация өкілдері әлемнің түкпір түкпірінен Қазақстанға келіп отыр. Осының өзі діндер съезінің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шың мәнінде бәріміздің мақсатымыз бір. Бұл өркениеттің үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту болды. Съезде көптеген салмақты ой салиқалы пікір айтылды. Оның барлығы біздің үйлесімді әлем құру жолындағы әрекетімізде оң ықпалын тигізеді деп санаймын», - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы алқалы жиынға арнайы келген әлемдегі рухани көшбасшыларға өз алғысын білдірді.
«Сондай-ақ біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен Халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, еріктілерге, журналистер мен басқа да мамандарға алғыс айтамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.