Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады

8 Қыркүйек 2022, 14:08 931

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді

Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру жұмыстары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады. 

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады. Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өрт салдарынан болған залалды қалпына келтіру және зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету шаралары жөнінде айтылды.  

Сондай-ақ әкімдер өз аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді. 

Президент Премьер-министрге Төтенше жағдайлар министрлігінің өңірлік бөлімшелерін арнаулы техникамен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырды.

Бөлісу: