«Асыл мұра» ұлттық музыкалық жинағы жарыққа шығады

9 Шілде, 02:28 433

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Асыл мұра» ұлттық музыкалық жинағын ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

6 бөлімнен тұратын жинақта көне күйлер, жыр-термелер, халық және халық композиторларының әндері, ретро әндер, ертегілер мен бесік жыры бар.

Құнды жәдігерлер бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» сақталып келді.

Жинақтың ерекшелігі, ондағы музыкалық мұра әлемге әйгілі 30-дан астам музыкалық платформаларға да жүктеледі.

Зарина Арман
Бөлісу: