Асу Алмабаев UFC-де жеңіске жетті

Бүгiн, 10:10 166

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (21-2) UFC Fight Night 245 аясында бразилиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу үш раундтқа созылды. Төрешілер шешімімен Асу Алмабаев жеңімпаз атанды. Бұл оның UFC-дегі төртінші кездесуі.

Айта кетейік, отандасымыздың бразилиялық қарсыласы UFC рейтінгінде ең жеңіл салмақ бойынша 7-ші орында тұрған спортшы. Енді бұл орынға қазақстандық спортшы жайғасты.  

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: