Отандасымыз UFC Vegas 103 турнирі аясында Манель Капеден ұтылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асу Алмабаев UFC турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсеткен алғашқы қазақстандық спортшы атанды. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Fight Night 253 турниріне қатысып, анголалық Манел Капемен кездесіп, жеңіліс тапты.
Бұл жеңіліс Асу Алмабаев үшін UFC-дегі алғашқысы болды. Осылайша, оның рекорды 4 жеңіс, 1 жеңіліс болып өзгерді.
Жекпе-жекке дейін ол ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде сегізінші орында тұрған, ал Манел Капе алтыншы орында еді.