Асу Алмабаев кезекті жеңісіне қол жеткізді

6 Тамыз 2023, 11:13 1615

Қазақстандық жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі дебюттік айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Нэшвилде өткен UFC турнирінде отандасымыз америкалық Оди Осборнды сан соқтырды. Екінші раунда ол барын салып, АҚШ спортшысының берілуіне мәжбүрледі. 

29 жастағы Асу Алмабаев ММА-де 18-2 нәтижесімен өзіндік рекордын орнатты. Қазақстандық файтер 14 рет қатарынан жеңіс туын желбіретіп отыр. 
 

Асқар Таудай
Бөлісу: