Асу Алмабаев елге оралды

8 Тамыз 2023, 11:20 994

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев Алматыға оралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спортшыны әуежайдан күтіп алғандардың қарасы қалың болды: туған-туыстары, достары мен жанкүйерлер.

Асу Алмабаев 8 тамыздан Нэшвиллден (АҚШ) оралды. Ол екі күн UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізіп, UFC on ESPN 50 турнирінде Оде Осборнды қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Оқи отырыңыз:

29 жастағы Асу Алмабаев ММА-де 18-2 нәтижесімен өзіндік рекордын орнатты. Қазақстандық файтер 14 рет қатарынан жеңіс туын желбіретіп отыр. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: