Астрологияға сенетін адамдардың білім деңгейі төмен - ғалымдар

26 Наурыз, 15:54 585

Американдық зерттеушілер жүздеген адамның зияткерлік қабілетін талдап, көңіл көншітпейтін қорытынды жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Американдық ғалымдар астрологияға сенімнің көбіне білім деңгейі мен когнитивтік қабілеті төмен адамдар арасында кездесетінін анықтады. Олар астрологияны ғылым деп санайды екен.

Нәтижелер интеллект пен білім деңгейінің астрологияға деген сенімге айтарлықтай әсер ететінін көрсетті. Wordsum тестінен төмен балл жинаған қатысушылар астрологияны ғылым деп санауға бейім болған. Сол сияқты ресми білім беру мекемелерінде аз оқыған адамдардың басым бөлігі астрологияның ғылыми заңдылығын қолдайтынын алға тартқан.

Эксперимент әділдігін сақтау үшін зерттеуге 8 мыңнан астам адам қатысқан. Тестілеуде ең әмбебап және қарапайым интеллект сауалдары ұсынылып, нәтижелер жыныс, жас және басқа да факторларды ескере отырып жасалды.

Қорытынды: ғалымдар сыни ойлау мен ғылыми сауаттылықты дамытуға бағытталған білім беру жалған ғылыми сенімдермен күресудің ең тиімді әдісі болуы мүмкін деп санайды.

Зерттеушілер мұндай адамдарға сыни ойлау мен ғылыми сауаттылықты дамытуға кеңес береді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: