Астананың сол жағалауында жылу мен ыстық су беру тоқтатылады

7 Қараша, 17:55 427

Ертең Астанада сол жағалауда жылу мен ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

8 қарашада Астананың Есіл ауданы сағат 08.30-дан 17.30-ге дейінгі аралықта жылу желісінен ажыратылады. Осыған байланысты жылу мен ыстық су болмайды, - деп хабарлайды «Астана-Теплотранзит» компаниясы.

Компания желіде апат болмағанын, кран ғана ауыстырылатынын нақтылай кетті.

Жылуды өшіру бейсенбіге жоспарланған, ауа райының қолайсыздығына байланысты жөндеу жұмыстары жұмаға ауыстырылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: