2023 жылдың қыркүйегінен бастап жолаушыларға, сондай-ақ елорда қонақтарына ыңғайлы болу үшін «City Transportation Systems» компаниясы жол ақысын төлеудің электрондық жүйесін жаңғыртуды іске қосады. Жаңа жүйеге толық көшу биылғы жылдың соңына қарай жүзеге асырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда автобустарда төлем QR-кодты банктер мен ұялы байланыс операторларының қосымшаларымен, сондай-ақ «Transcard» көлік картасымен жүргізіледі. Сонымен қатар, жаңа автобустарда жол ақысын төлеудің қосымша арналары пайда болады: екінші деңгейдегі банктердің банктік картасы және NFC технологиялары арқылы, Bluetooth арнасы арқылы.
Онлайн режимде ЖТЭЖ мынадай мүмкіндіктерді береді:
Бүгінгі күні елорданың жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің барлық жабдықтары мен бағдарламалық кешені офлайн режимінде жұмыс істейді, бұл ретте жүйе объективті моральдық тұрғыдан ескірген және неғұрлым озық және өзекті шешімге жаңғыртуды/ауыстыруды талап етеді.
Атап өту керек, қолданыстағы көлік карталарын ауыстыру көзделмейді, жоғарыда аталған барлық инновациялар 2023 жылдың соңына дейін жоспарлы түрде енгізіледі және «Онлайн» режимінде жұмыс істейтін жаңа жүйеге кезең-кезеңімен көшуді көздейді. Басты мақсат – елорда тұрғындары үшін қолайсыздықтар туғызбайтын жаңғыртуды жүргізу.