Астананың қақ ортасында көлік аударылып қалды

8 Ақпан 2024, 15:18 1610

Астана орталығындағы Мәңгілік Ел көшесінде көлік аударылып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиғаны куәгерлер түсіріп алған.

Белгілі болғандай, ауа райының қолайсыздығынан Мәңгілік Ел көшесінде бірден бірнеше жол апаты тіркелген.

Бүгін Астанада боран ұлып тұр. Екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

Ал коммуналдық қызмет күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: