Астананың іргесіндегі 80 гектар аумақтағы өрт сөндірілді

26 Маусым 2023, 12:32 820

Астана қаласының іргесіндегі 80 гектар аумаққа жайылған өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен Талдыкөл көлінің ауданында 80 га алаңдағы сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөптің жануы бүгін сағат 11.22-де жойылды, - деп жазды ТЖМ-нен.

Айта кетейік, бұған дейін елорда маңындағы өртті сөндіру жалғасып жатқаны хабарланған болатын.

Равиль Ашығали
Бөлісу: