Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заң бұзушылық анықталды

21 Маусым 2023, 16:12 1005

Астананың денсаулық сақтау ұйымдарында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана қаласы прокуратурасы Сарыарқа ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне тексеріс жүргізіп, онда қала аумағында тұрмайтын азаматтарды, сондай-ақ қайтыс болған адамдарды негізсіз тіркегені анықталды.

Прокурорлар пациенттердің міндетті скринингін (жасы бойынша) және балалардың профилактикалық тексеруден өтпеуі, созылмалы аурулары бар пациенттерге дәрі-дәрмектерді уақтылы жеткізбеу фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижелері бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізілді. 12,5 мыңнан аса азаматтардың құқықтары қорғалды. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: