Елорданың «Астана» клубының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Түркияның «Гезтепе» клубының тізгінін қолына алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Стоилов «Гезтепемен» 2,5 жылға келісімшартқа отырған. Маман Измир клубының бас бапкері ретінде алғашқы жеңісіне қол жеткізіп те үлгерді. Оның командасы «Тузласпорды» 2:0 есебімен жеңді.
«Гезтепе» – Измир қаласының футбол клубы, Түркияның Бірінші лигасында өнер көрсетеді. 13 турдан кейін 23 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орында келеді.