Астанада Алматы ауданындағы бірнеше көшеде жарық сөніп қалды. «Астана РЭК» АҚ мекемесінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақау болды, соның салдарынан «Мыңжылдық аллеясы» мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және А.Байтұрсынов көшесіндегі тұрғындар электр жарығынсыз қалды. Сағат 15:32-де жарық беру резервтік қуатқа ауыстырылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жарықтың кенеттен сөнуінің себебі анықталып жатыр.