Астананың бір ауданын мерекелік безендіруге 848 миллион теңге жұмсалмақ

4 Желтоқсан 2023, 16:26 1076

Астана қаласының Есіл ауданын мерекелік безендіру қызметтері бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсын бірнеше рет осындай байқауларда жеңіске жеткен ЖШС жеңіп алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Тапсырыс беруші Астана қаласы «Есіл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі; атауы – елді мекенді/ауданды/қаланы мерекелік және басқа да іс-шараларға дайындау/көркемдеу жөніндегі қызметтер; жоспарланған сома – 848 214 285,71 теңге; лоттың мәртебесі – сатып алу, - делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 6 қараша мен 9 қараша аралығында қабылданып, жеңімпаз «Новая Левел» ЖШС деп танылды. Оның басшысы «Компра» (контрагенттік сенімділік қызметі) бойынша Николай Юрьевич Боровинский.

Еске салайық, «Новая Левел» ЖШС бірнеше рет осындай байқауларда жеңіске жеткен болатын.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: