«Астананың» бас бапкері Конференция лигасындағы матчқа қатысты пікір білдірді

15 Тамыз, 14:03 866

14 тамыз күні «Астана» клубы УЕФА Конференция лигасының төртінші іріктеу раундына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалықтар Алматыда Румынияның  «Корвинул» клубын 6:1 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Ойыннан соң «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян бұл кездесуге қатысты пікір білдірді.

Есепке қарасаңыз, ойын оңайға түскендей көрінуі мүмкін. Бірақ іс жүзінде қиын болды, бұл мықты қысым көрсете білетін команда. Біз алғашқы минуттардан-ақ қысым болатынын білдік, сондықтан матч басталысымен ойынды жеңілдетуге тырыстық, бар күш-қуатымызды қажет ететінін түсіндік, бірақ алғашқы 30 минутта төтеп бергіміз келді. Сонымен қатар бірінші таймдағыдай қарсыласқа басымдық бергіміз келмеді. Гол соққанымыз жақсы болды, екінші таймда түзетулер енгіздік, бос орын көбірек болатынын білдік, бізде деңгей бар және оны пайдамызға асыруымыз керек болды. Осы айтылғандарды екінші таймда іске асырып, көп гол соғып, лайықты жеңіске жеттік. Өкініштісі, ойыншылар жарақаттанып қалды, кеше жаттығу барысында Ннамди, бүгін Марочкин мен Ян Вороговский ойын барысында жарақат алды. Белгілі бір кадрлық мәселелер бар, біз Еуропада басқа ырғақ, басқа жылдамдық бар екенін білеміз, жиі ұшатынымыз тағы бар. Оның үстіне, «Елімаймен» матч өткізіп, бір топ аяқдопшылар Семейге ұшып кеткендіктен, дайындық тығыз болды, толықтай жаттыға алмадық. Екінші таймда сапалы футбол көрсеткен жігіттерге рахмет. Бізді қолдаған жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді, осындай керемет атмосферада ойнаудың өзі бір ғанибет, - деді Бабаян.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: