Астананың Достық үйі «Сыбаға» қайырымдылық шарасы аясында көпбалалы отбасына көмек берді

11 Ақпан 2019, 12:03 2486

Астанадағы Достық үйінде «Сыбаға» қайырымдылық шарасы аясында көпбалалы ана Мухаббат Сейдеметоваға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық концерті ұйымдастырылып өткізілді.       

Концерт алдында Өзбекстан Республикасы елшілігі, Қарақалпақстанның өкілдері мен ақсақалдарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның барысында қатысушылар  азаматтық алу және одан шығу мәселелерін талқылады.

Концерт Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Жайхун» қарақалпақ этномәдени бірлестігі және Нүкіс (Қарақалпақстан) қаласы,Qaraken КВН командасының қатысуымен өтті.

Бөлісу: